Біздің жұмыс тобымыз

АР 19679666 «Тифлоаударма - аударма қызметінің әлеуметтік бағдарланған түрі ретінде: тифлоаударма мамандарын даярлау» ғылыми жобасының жұмыс тобы

Ескиндирова Маншук Жумабаевна

Научный руководитель проекта - доктор PhD по специальности Переводческое дело, доцент кафедры теории и практики перевода Евразийского национального университета им. Л.Н. Гумилева.
Участник инициативного проекта по разработке профессионального стандарта “Переводчик” (2018–2021).
Член диссертационного совета Евразийского национального университета им. Л.Н. Гумилева по подготовке докторов PhD специальностей "Иностранная филология" и "Переводческое дело" (2019-2021)
Редактор Европейского научного журнала “Journal ofHumanities Research”.
Участник международного проекта от Британского посольства “Creative Spark” (2018–2022).

Основные достижения научного руководителя проекта отражены в публикациях журналов, индексируемых в базе Scopus (2020–2022) - 3 статьи, Web of Science (2022) - 1 статья. Индекс Хирша H по базе Scopus составляет - 4, по базе Web of Science – 2.

Автордың профилі және идентификатор коды: YeskindirovaManshuk https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=56922264100

Күлдеева Гүлнара Ильинична

Күлдеева Гүлнара Ильинична - филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Аударма теориясы мен практикасы кафедрасының профессоры. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ түркология және альтаистика ғылыми-зерттеу орталығының директоры (2008-2011). «Аудармашы» кәсіби стандартын әзірлеу бойынша бастамалық жобаның қатысушысы (2018–2021). Жобаға бас ғылыми қызметкер ретінде қатысуда. Жобаның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес ғылыми зерттеулер жүргізеді және «Инклюзивті білім беру: тифлоаударма арқылы көру қабілеті бұзылған адамдардың әлеуметтік бейімделуі» ұжымдық монографиясын жазуға қатысады.
Г. И. Кульдееваның зерттеу нәтижелері монографиялар, ғылыми құралдар, ғылыми мақалалар түрінде жарияланды. Scopus базасы бойынша Хирш h индексі - 1, Web of Science базасы бойынша – 1.

Автордың профилі және идентификатор коды: KuldeyevaGulnara https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57216896810

Акижанова Диана Мұратқызы

Акижанова Диана Мұратқызы - PhD, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Аударма теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы. Жобаға аға ғылыми қызметкер ретінде қатысады. Жобаның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес ғылыми зерттеулер жүргізеді және «Аудио түсініктеме» тифлоаудармасы бойынша оқулық жасауға қатысады.
Д. М. Акижанованың зерттеу нәтижелері монография, ғылыми құралдар, ғылыми мақалалар түрінде жарияланды. Scopus базасы бойынша Хирш h индексі - 3, Web of Science базасы бойынша – 1.

Автордың профилі және идентификатор коды: AkizhanovaDiana https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57201615817

Алшинбаева Жұлдыз Қуанышқызы

Алшинбаева Жұлдыз Қуанышқызы - PhD, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Аударма теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы. Жобаға аға ғылыми қызметкер ретінде қатысады. Жобаның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес ғылыми зерттеулер жүргізеді және «Аудио түсініктеме» тифлоаудармасы бойынша оқулық жасауға қатысады.
Ж. К. Алшинбаеваның зерттеу нәтижелері оқу құралы, ғылыми мақалалар түрінде жарияланды. Scopus базасы бойынша Хирш h индексі - 3.

Автордың профилі және идентификатор коды: AlshinbayevaZhuldyz https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57211811178

Төлегенова Аида Мейрамбекқызы

Төлегенова Аида Мейрамбекқызы - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Аударма ісі» мамандығының 3 курс докторанты, Болашақ бағдарламасының стипендиаты. 20 жылдан астам университетте сабақ береді. Жыл сайын халықаралық және республикалық іс-шараларға қатысады. Iatefl (Англия) және Қазақстандағы KazAELT мүшесі. Ғылыми қызығушылықтары: білім беруді цифрландыру, цифрлық сторителлинг, аудиовизуалды аударма, тифлоаударма.
Зерттеу нәтижелері халықаралық және республикалық конференцияларда, семинарларда, вебинарларда көрсетілген, отандық және шетелдік журналдарда мақалалар жарияланған, Scopus базасы бойынша Хирш индексі – 1.

Задорожная Людмила Александровна

Задорожная Людмила Александровна - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Аударма ісі» мамандығының 3 курс докторанты. Жобаға кіші ғылыми қызметкер ретінде қатысады. Жобаның ғылыми жетекшісі М. Ж. Ескиндированың жетекшілігімен ғылыми зерттеулер жүргізеді және «Аудио түсініктеме» тифлоаударма бойынша оқулық жасауға қатысады.
Л. А. Задорожнаяның зерттеу нәтижелері оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми мақалалар түрінде жарияланды.